Степногор тұрғынынан алтын рудасын өңдейтін шағын цех тəркіленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорде алтын рудасын өңдейтін шағын цех тəркіленді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногор тұрғынынан алтын рудасын өңдейтін шағын цех тəркіленді

"2017 жылдың 11 қаңтарында Степногор қаласына қарасты Ақсу кентінде 33 жастағы жергілікті тұрғынның қорасынан қалалық ІІБ қызметкерлері құрамында алтыны бар руданы өңдейтін электр қозғалтқышы, үгіту жəне жуу аппараты бар шағын цехты анықтап, тəркіледі", деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 334 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған санкция бойынша кінәлі 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 90 тəулікке дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыста 6 500 астам заңсыз алтын іздеуші ұсталып, 29 шағын цех мен құрамында алтыны бар 20 тоннадан астам кварц рудасы тəркіленді.