Степногор ЖЭО-сында бір қазандық қатып қалып, станция істен шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кешегі боранда Степногор қаласындағы жылу электр орталығын энергиямен қамтамасыз ететін станция істен шығып, бір қазандық қатып қалды. Бұл туралы ҚазАқпаарт тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктен мәлімдегендей, 14-15 сәуір аралғында Степногор қаласындағы жылу желілерінде температура төменген.

«14-15 сәуір аралығында қаланың жылумен жабдықтау жүйесінде температураның төмендеуі байқалды. Бұған ауа райының күрт өзгеруі себеп болды. Атап айтқанда, секундына 35 метрге дейін қатты жел, -10 градусқа дейін аяз және көп көлемде қар жауды. Соның салдарынан «KEGOC» АҚ желілерінен ақау анықталып, Степногор ЖЭО-сын энергиямен қамтамасыз ететін «Степная» қосалқы станциясы істен шықты. Мұның бәрі жылу орталығының тоқтауына әкеп соқты. Кеше біз №3 энергетикалық қазандықты іске қостық. Дегенмен, ол бүгін сағат 4:28-де тоқтап қалды. Кейін 7:30-да үшінші қазандықты қайта іске қостық. Ең қиыны артта қалды. Қазір су жылыту қазандығы және үшінші қазандық жұмыс істер тұр. Екінші қазандықты ерітіп жатырмыз. Алдағы тәулік ішінде қажетті температуралық режимге жеткіземіз», - деп мәлім етті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.



Ал, Степногор шаһарының басшысы Алпысбай Қайыржановтың айтуынша, кеше қаладағы 50 көпқабатты тұрғын үй жылу желісіндегі сулар ағызылды.


Соңғы жаңалықтар