Степногорда жол апатынан алты адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмқұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық жол полициясы басқармасының деректері бойынша, бүгін түнгі 2 сағат 30 минутта Степногор-Заводской бағытында болған жол апатынан алты адам мерт болып, біреуі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқармадан алынған мәліметтерге сәйкес, «Ауди-80» жеңіл көлігі Заводской бағытының 6-шы шақырымында кенеттен жолға шыға келген жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осының салдарынан көліктің руліне ие бола алмай қалған жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екінші «Аудимен» бетпе-бет соқтығысқан. Осы жол апатынан жолдан өту ережесін сақтамаған жүргіншімен бірге бес адам мерт болып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін «Атбасар-Шаңтөбе» тар табанды теміржол өткелінде  пойыздың соңғы вагонына «Тойота» көлігі соқтығысып,  23 жасар қыз сол жерде көз жұмса, 28 жасар жүргізуші мен 21 жасар жолаушы ауыр дене жарақатын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар