08:03, 28 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Степногордағы жекеменшік тұрғын үй отқа оранды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Степногор қаласының Степная ауылында жекеменшік үйде бүгін түнде өрт шықты.

Өрт жарты сағаттың ішінде ауыздықталды. Жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 3 адамы жұмылдырылды. 18 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 1977 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.