Степногорлық эпидемиологтар үш миллион теңгенің айыппұлын салды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысындағы Степногор қаласында өткен жылы сауда орындары мен қоғамдық тамақтандыру орталықтарында санитар-эпидемиологтар 691 бақылау жүргізіп, оның 96-сы бойынша айыппұл салған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Александр Еремеевтің айтуынша, тиісті құрылым бақылауындағы 101 кәсіпорында әлі де болса санитарлық заңдылықты сақтамау орын алып отыр. Жыл ішінде 91 өндіріс орынында жүргізілген бақылау кезінде 15 санитарлық заңдылық сақталмай, 15 әкімшілік хаттама толтырылған, сол бойынша 22 қаулы шығарылып, 204400 мың теңге айыппұл салынды. Бақылуға алынған 265 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары, 134 коммуналдық, 80 балалар мекемелерінде 352 заңсыздық анықталып, үш миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды, 4 іс облыстық , ал 5 іс қалалық сот қарауына жіберілген.Тексеріс нәтижесіне орай 73 адам жұмыстан босатылып, 153 ескертпе жасалды.
Соңғы жаңалықтар