Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Еркебұлан Баяхметов Степногорск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов, 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Қарағанда қаласындағы «ДОС Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншліес кәсіпорны, «Кең-Дала» биржасында заңгер болып бастаған.

null 1995-2004 жылдары аралығында Петропавл қаласында түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

2004-2009 жылдары аралығында Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінде аға инспектор, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы директорының орынбасары лауазымдарында болды.

null 2009-2018 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақмола облыстық филиалының директоры, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржы директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар
telegram