Стивен Сигал Шыңғыс хан туралы фильм-эпопея түсірмек

АНА. 2 шілде. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Голливуд әртісі Стивен Сигал Шыңғыс хан туралы кино түсіруді жоспарлауда және оған бұл жұмысына Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов көмек қолын созады деген ниетте.
None
None

«Америкадағы дағдарысқа байланысты менің фильмдерім де қаржылық қиындықты бастан өткеруде. Оның үстіне, қазір киноиндустрияның өзінің жағдайы аса мәз емес. Бірақ мен шынымен де Шыңғысхан туралы үлкен эпос түсіруге ниеттімін және маған соған қатысты көптеген ұсыныстар түсуде. Мүмкін бұл жұмысыма менің досым, Астана мэрі (ред. - Иманғали Тасмағамбетов) көмектесер?! Ол Шыңғысханның өмірі туралы жетік біледі», - деп атап өтті бүгін кино әртісі Стивен Сигал Астанада өтіп жатқан эшкн-фильмдердің «Астана» ІІ халықаралық фестивалі шеңберінде журналистерге берген сұхбатында.

«Мен Шыңғыс хан туралы миллиондаған оқиға білемін. Сондай-ақ, Шыңғыс ханның әскери әдіс-тәсілдері оқытылатын әскери мектептердің барын білемін», - деді ол. Әртістің сөзіне қарағанда, ол бұл бағытта көптеген зерттеулер жүргізген.

«Шыңғыс ханның бейіті үлкен және онда қазыналар өте көп. Шыңғыс хан жерленген жерде онымен бірге, аттар мен әскерилер жерленген. Болжаулар бойынша, бұл бейітке жерленгендер не өз-өздеріне қол жұмсаған, не олармен қандай да бір қайғылы оқиғалар болған. Менің ойымша, оның жерленген бейітін таба алмауымыздың себебі, оны Шыңғыс ханның өзінің қаламауында. Бірақ Тәңірдің жазғаны болса, біз оның бейітін табамыз», - деді С.Стигал.

Соңғы жаңалықтар