Stopfake.kz: Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны туралы ақпарат - жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды.

Stopfake.kz: Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны туралы ақпарат - жалған

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде ата-аналарға балаларды педагогтардан жасырынуға үйретуге кеңес берілуде. Өйткені мектептерде жасырын түрде балалардың биометриялық мәліметтері алынады және оларды кез келген уақытта сабақтан белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

– Балаға қатысты барлық іс-әрекеттер ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Биометриялық деректерге келсек, бұл жеке мәліметтер болып табылады. Педагогтарға оларды жинаудың қажеті жоқ, – деп хабарлады ҚР БҒМ.

Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.