Странджа-2023: Оразбек Асылқұлов бүгін финалдық жекпе-жегін өткізеді
Халықаралық турнирде 57 келі салмақта сынға тұсіп жатқан ол Болгария құрамасының намысын қорғайтын, шыққан тегі кубалық Хавьер Ибаньеспен қолғап түйістіреді.
Аталған жекпе-жек елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда өткізіледі.
Бұған дейін Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахер, бразилиялық Луис Оливейра, өзбекстандық Абдумалик Халоков және армениялық Артур Базеянды орта жолда қалдырып кетті.
Сондай-ақ, аталған турнирде Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлдеге қол созды.
Халықаралық «Странджа-2023» турниріне еліміздің атынан 12 боксшы қатысқан еді. Олардың қатарында Ернұр Қайрат (48 келі), Кенже Мұратұлы (51 келі), Бекзат Алдамжаров (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ерасыл Таңкай (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Темірхан Тезек (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (80 келі), Бекзат Тағатаров (86 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.