Странджа-2025: Бүгін 18 боксшы финалдық жолдамаға таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» ерлер арасында қазақстандық 18 боксшы финалдық жолдамаға таласады.

Олардың сегізі Қазақстан уақыты бойынша 17:00-де басталатын күндізгі сессияда, оны 20:30-да басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді.
Күндізгі сессия
51 кг. Даниял Сабит - Нижат Гусейнов (Әзербайжан) - 1-жұп
57 кг. Оразбек Асқылов - Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан) - 3-ші жұп
63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов - Викторио Илиев (Болгария) - 5-ші жұп
63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Дин Клэнси (Ирландия) – 6-жұп
71 кг. Абылайхан Жүсіпов - Гуиди Ронтани (Италия) - 7-жұп
71 кг. Фарух Тоқтасынов - Лорис Идризи (Косово) - 8-ші жұп
80 кг. Ерасыл Жақпеков - Димеджи Шитту (Англия) - 10 жұп
92 кг. Данияр Рахымбердинов - Вагкан Нанитзанян (Грекия) - 11-ші жұп.
Кешкі сессия
48 кг. Теміртас Жүсіпов – Ергунал Сабри (Болгария) – 2-жұп
54 кг. Тимур Қабдешов – Кристофер Гиппократ (Франция) – 3-ші жұп
60 кг. Талғат Сырымбетов – Радослав Розенов (Болгария) – 5-ші жұп
60 кг. Серік Теміржанов - Адам Хессион (Ирландия) - 6-жұп
67 кг. Төрехан Сабырхан - Нәби Искандаров (Әзербайжан) - 7-жұп
75 кг. Сабыржан Аққалықов - Рами Киван (Болгария) - 9-шы жұп
75 кг. Тимур Нұрсейітов - Джавохир Умматалиев (Өзбекстан) - 10-шы жұп
86 кг. Нұрбек Оралбай - Семён Болдырев (Болгария) - 11-ші жұп
86 кг. Бекзад Нұрдәулетов - Ян Зак (Израиль) - 12-ші жұп
92+ кг. Айбек Оралбай - Дамар Томас (Англия) - 14-ші жұп.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ қыздарының финалдағы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.