Странджа-2025: Қазақ қыздарының финалдағы қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» финалға шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

Олар:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева vs Мевда Асенова (Болгария)
54 келі. Әнел Сақыш vs Ярем джам Нилай (Түркия)
57 келі. Айдана Забынбекова vs Ши-и Ву (Қытай)
60 келі. Римма Волосенко vs Донжета Садику (Косово)
81 келі. Жібек Жарасқызы vs Риду Бу (Қытай)
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева vs Дина Исламбекова
Әйелдер арасында аса ауыр салмақта қос қазақстандық боксшы бір-бірімен алтын медальді сарапқа салмақ. Олар Ләззат Күнгейбаева мен Дина Исламбекова. Күнгейбаева жартылай финалда түркиялық боксшы Сейма Дузташты ұтса, Исламбекова финалға жекпе-жексіз бірден шықты.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасынан 8 бұрымды боксшы қола медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ал ерлер 1 наурыз күні жартылай финалда бақ сынап, ақтық бәсеке үшін сынға түседі.
Ерлер құрамасынан жартылай финалға 18 боксшы шыққан болатын.