Странджа-2025: Қазақстан құрамасының 4 боксшысы финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогында» ерлер арасында жартылай финалдық бәсеке өтіп жатыр.

Жекпе-жектер басталмай тұрып, аса ауыр салмақта ел намысын қорғайтын Айбек Оралбай айқассыз аталған турнирдің финалына жолдама алды. Отандасымыздың қарсыласы жартылай финалда шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Осылайша Айбек финалға еш қиналмай шықты.
Сонымен қатар 51 келі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық боксшы Даниял Сәбит те финалға өтті. Ол бүгін Әзербайжан боксшысы Нижат Хусейновпен жұдырықтасқан болатын. Нәтижесінде жекпе-жек екінші раундта Даниялдың жеңісімен аяқталды.
63.5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов та ақтық сынға өтті. Отандасымыз жартылай финалда ринг қожайынын 5:0 есебімен жеңді.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да финалға шықты. Ол бүгін ирландиялық боксшыдан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді аталған турнирдің финалында 63,5 келі салмақ дәрежесінде қос Қазақстан спортшы өзара алтын жүлдені сарапқа салады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жартылай финалда 18 қазақстандық боксшы ақтық айқаста жүлдеге таласатыны туралы жазған болатынбыз.