Странджа-2025: Қазақстандық екі боксшы қыз финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» қазақстандық екі бұрымды боксшы аталған турнирдің финалына шықты.

Странджа-2025: Қазақстандық екі боксшы қыз финалға шықты
Фото: freepik.com

Нақтырақ айтсақ, 48 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда Ирландия боксшысы Сиара Уолшпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Сәттібаева төрешілер шешімімен қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды.

Сонымен қатар 54 келі салмақта ел намысын қорғаған қазақстандық боксшы Анел Сақыш Франция боксшысы Мелисса Бунуадан айласын асырып, қазақ қыздарынан екінші болып финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бүгін кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің екі сессиясында Қазақстан атынан жалпы 13 бұрымды рингке шығады. Алда тағы 11 боксшы қызымызды тартысты жекпе-жектер күтіп тұр

Осыған дейін ерлер арасында Қазақстан құрамасынан 18 боксшы жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Ерлер арасындағы жартылай финалдық бәсекелер 1 наурыз күніне жоспарланған

Соңғы жаңалықтар