Странджа-2025: Тағы үш боксшымыз жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінде тағы үш боксшымыз жартылай финалға шықты. Осылайша ерлер құрамасынан жартылай финалға шыққан боксшылар саны 14-ке жетті.

бокс
Фото: olympic.kz

Кешкі сессияда жұдырықтасып жатқан боксшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов та жартылай финалға шыққандар қатарына қосылды. Ол ширек финалда Уэльс елінің боксшысы Оуэн Харрис-Алленнен айласын асырды. Оразбек төрешілер шешімі бойынша қарсыласын 4:1 есебімен ұтты.

71 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов та қарсыласына дес берген жоқ. Қазақстандық боксшы Беларусьтан келген Олексий Ширяевты жарыс жолынан шығарды. Енді, Абылайхан 1 наурыз күні италиялық Гуиди Ронтанимен жұдырықтасады.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Фарух Тоқтасыновтың да мерейі тасып, жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда әзербайжандық Сархан Алиевті айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 5:0. Бұл оның осы жарыстағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ағылшын Хьюитт Патрикті жеңіп шыққан болатын.

Қазірге дейін Бекзат Нұрдәулетов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайлар, Теміртас Жүсіпов, Даниал Сәбит, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Тимур Нұрсейітов, Ерасыл Жақпеков, Тимур Қабдеш және Төрехан Сабырханның жартылай финалға шыққанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар