«Странджа» кубогы: Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогының» финалында жұдырықтасатын Қазақстан құрамасының қарсыластары толығымен белгілі болды.

Ерлер:
51 келі. Даниял Сәбит - Самет Гюмюш (Түркия);
54 келі. Тимур Қабдешов - Шахзод Музафаров (Өзбекстан);
60 келі: Серік Теміржанов - Радослав Росенов (Болгария);
63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов - Мухаммедсабыр Базарбайулы (екеуі де Қазақстан)
67 келі. Төрехан Сабырхан - Заур Гахраманов (Әзербайжан);
71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Фарух Тоқтасынов (екеуі де Қазақстан)
75 келі. Сабыржан Аққалықов - Тимур Нұрсеитов (екеуі де Қазақстан)
80 келі. Ерасыл Жақпеков - Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан);
86 келі. Нұрбек Оралбай - 86 келі. Бекзад Нұрдәулетов (екеуі де Қазақстан)
+92 келі. Айбек Оралбай - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Бұрымды боксшылардың финалдағы қарсыластары:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева vs Мевда Асенова (Болгария)
54 келі. Әнел Сақыш vs Ярем джам Нилай (Түркия)
57 келі. Айдана Забынбекова vs Ши-и Ву (Қытай)
60 келі. Римма Волосенко vs Донжета Садику (Косово)
81 келі. Жібек Жарасқызы vs Риду Бу (Қытай)
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева vs Дина Исламбекова.
Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирдің финалында ерлер мен әйелдер құрамасын қоса есептегенде Қазақстаннан жалпы 21 боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.