«Странджа» турнирі: қазақстандық бес боксшы жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық бес боксшы жарыс жолын аяқтады.

«Странджа» турнирі: қазақстандық бес боксшы жарысты аяқтады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ел құрамасынан күндізгі сессияда Бекзат Алдамжаров (50 келі) өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберді.

Кешкі сессияда тағы төрт спортшымыз сәтсіз ойын көрсетті. Алдымен Руслан Күзеубаев (60 келі) АҚШ-тан келген Салим Эллиске 2:3 есебімен жеңілсе, сол салмақтағы Бейбарыс Жексен моңғолиялық Лундаа Гантумурға 1:4 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ 80 келіде Диас Молжігітов АҚШ-тан келген Робби Гонзалеске 1:4, Санжарәлі Бегалиев бразилиялық Кауэ дос Сантос Билиниге 0:5 есебімен жол берді.

Ал күндізгі сессияда сынға түскен қазақстандық 6 боксшының бесеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (55 келі), Тимур Қабдешов (55 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі), Нурмагамед Юсупов (90 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Дүбірлі дода 23 ақпан-2 наурыз аралығында өткізіледі. 

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум