Странджа турнирінде 25 ақпанда кімдерге сенім артамыз
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні, 25 ақпанда ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Бұл жарыс күнінде 9 отандасымыз шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева бар. Сондай-ақ, 2 жұпта қазақстандық боксшылар өзара жұдықтасады.
Күндізгі сессия
2 жұп. 51 келі. В рингі
Жазира Орақбаева — Феруза Казакова (Өзбекстан)
6жұп. 57 келі. А рингі
Ұлжан Сәрсенбек — Айдана Забынбекова
9-жұп. 60 келі. А рингі
Римма Волосенко — Алиша Крокетт (АҚШ)
11-жұп. 60 келі. В рингі
Виктория Графеева — Гизем Озер (Түркия)
Кешкі сессия
3-жұп. 65 келі. А рингі
Аружан Жаңабаева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
3-жұп. 65 келі. В рингі
Лаура Есенкелді — Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ)
11-жұп. 90 келіден жоғары. А рингі
Нұрлан Сапарбай — Даниал Сапарбай.
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.
Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.