Странджа турнирінде 28 ақпанда кімдерге сенім артамыз
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің бесінші жарыс күні, 28 ақпанда ел құрамасынан 8 боксшы шаршы алаңға шығады.
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессия
4-жұп. 54 келі. А рингі.Анель Сақыш — Элина Базарова
6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Грейн Уолш (Ирландия)
7-жұп. 75 келі. В рингі. Валентина Хальзова -Эмма-Сью Гринтри (Аустрия)
9-жұп. 80 келіден жоғары. В рингі. Валерия Аксенова -Алейна Мехмед
10-жұп. 80 келіден жоғары. В рингі. Дина Исламбекова- Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Кешкі сессия
1-жұп. 50 келі. А рингі. Даниал Сәбит- Асилбек Жалилов (Өзбекстан)
5-жұп. 70 келі. А рингі. Фарух Тоқтасынов — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Фарух Тоқтасынов Странджа турнирінде жартылай финалға шықты.