«Странджа» турнирінде бүгін ел құрамасынан қай боксшылар шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін «Странджа» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні, 23 ақпанда ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

«Странджа» турнирі
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.

Күндізгі сессия

А рингі

50 келі. Алдамжаров Бекзат — Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
55 келі. Бағлан Кенжебек — Ниджат Хусейнов (Әзербайжан)
55 келі. Тимур Қабдешов — Пэтси Джойс (Ирландия)
В рингі
70 келі. Фарух Тоқтасынов — Арсен Чабян (Аустрия)
70 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан
90 келі: Нурмагамед Юсупов — Коннор Уильямс (Уэльс).

Кешкі сессия

А рингі

60 келі. Руслан Кузеубаев — Салим Эллис-Бей (АҚШ)

60 келі Бейбарыс Жексен — Лундаа Гантумур (Моңғолия)

В рингі

80 келі: Санжарәли Бегалиев — Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия)
80 келі: Диас Молжігітов — Робби Гонсалес (АҚШ).

Халықаралық турнирде күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 17:00–ге белгіленсе, кешкі сессия 21:00–де басталады. 

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Олар 6 алтын медальмен жалпы есепте бірінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум