Странджа турниріне Қазақстаннан қай боксшылар қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында 2-12 ақпан аралығында өтетін дәстүрлі Странджа турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Странджа кубогы турнирі кіші әлем чемпионаты саналады. Халықаралық турнир биыл 75-ші мәрте жалауын көтереді.

Оған Қазақстан құрамасы сапында 11 боксшы қатысад.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ел құрамасы сапында турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бар.

51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Руслан Күзеубаев
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 кг: Талғат Шайкен
75 келі: Нұрқанат Райыс
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
86 келі: Абзал Құттыбеков

Былтыр елімізден Оразбек Асылқұлов (57 келі) күміс, Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлдегер атанды. 

Соңғы жаңалықтар