Страсбург турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалда жеңісті жұлып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург (Франция) WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Елена Рыбакина
Фото: sports.kz

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен бетпе-бет келді. 

Бірінші партияда тай-брейкте Елена басымдылық танытты — 7:6 《9:7).

Екінші партияда бразилиялық теннисші есе қайырды — 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Беатрис 2:0 есебімен алда тұрды. Бұдан кейін қазақстандық теннисші қатарынан алты геймді алды — 6:2.

Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 8 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хаддад-Майя 4 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина соңғы бәсекеде әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсонова немесе рейтингіде 46-сатыдағы америкалық Даниэль Коллинзбен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінде Олимпиада чемпионымен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар