Студент суретке түсемін деп, мұражайдағы мүсінді сындырды
Оқиға миландық Брер әсем өнерлер академиясында орын алған. Ондағы мұражайға келген жас жігіт мүсінге шығып, өзін суретке түсірмек болған. Селфи (өзін өзі суретке түсіру) жасаймын деп тұрғанда, мүсіннің сол аяғын сындырып алды. Белгілі болғандай, сынған мүсін әлемге «Мас сатир» деп деген атпен танымал әйгілі мүсіннің көшірмесі болып шықты.
Аяқсыз мүсінді келесі күні академияның қызметкерлері тауып алған. Сондай-ақ оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Соның көмегімен мүсінді аяқсыз қалдырған жігіт табылды.
Айта кетерлігі, Еуропада аталған мүсіннің көшірмелері көп кездеседі. Басылымның хабарлауынша, бұл мұражайдағы вандализмге қатысты бірінші оқиға емес. Жақында испандық зейнеркер әйел Сарагос қаласының маңында орналасқан ғибадатханадағы Иса пайғамбар бейнеленген қабырғадағы суретті өз қолыммен жөндеймін деп, іргені тұтас бояумен сырлап тастады. Зейнеткердің бұл жөндеуінен кейін қабырғадағы сурет адам «танымастай» өзгеріп кеткен болатын.