Студенттер балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жаңажылдық тілектерін орындады

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Университет студенттерінің «Ақниет» қайырымдылық ұйымы «Жеке Аяз Ата бол» акциясын ұйымдастырды. Кеше, қаңтардың 4-інде университеттің жастар сарайында балаларға арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті.
Акция 2009 жылы желтоқсан айының басында басталған болатын, деп еске салады оқу орнының баспасөз қызметіндегілер. Бірінші оқу корпусында ойыншықтардың орнына балалар үйлері мен интернаттар тәрбиеленушілерінің фотосуреттері ілінген шырша орнатылды. Әр фотосуретке баланың Аяз Атаға жазған хаты қоса ілінді. Студенттерге балаларға сыйлықтар жасау туралы ұсыныс жасалды.
«Ақниет» ұйымының төрағасы Анна Штаньконың айтуынша, студенттер осынау шараға ықыласпен атсалысты. «Балалардың қымбат сыйлықтар сұрауы ықтимал екенін біз бірден ескерттік және студенттерге бірігіп сыйлық жасауды ұсындық. Бірақ бірнеше сағаттың ішінде шыршада бірде-бір хат қалған жоқ», дейді А.Штанько.