Студенттер ғарыш айлағының құрылысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Амур облысында Восточный ғарыш айлағындағы Бүкілресейлік студенттік  құрылыс жұмыстары басталды. Биылғы жазда ресейлік жаңа ғарыш айлағының құрылысына Ресейдің 19 өңірінен келген 380 студент қатысады, деп хабарлады арнайы нысандар бойынша бас әскери-құрылыс басқармасының баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне.

Студенттер ғарыш айлағының құрылысына қатысады

«Студенттер құрылысының бұл кезеңі екі айға жоспарланған. Әрбір құрылысшылар жасағына, әрбір студентке кәсіпорынның тәжірибелі шеберлері жетекшілік етеді»,- деді баспасөз қызметі.

Кәсіпорынның мәліметінше, космодром құрылысына қатаң байқаудан өткен үздік жасақтар келген. 163 құрылыс жасағының ішінде тек 28-і ғана ғарыш айлағына жолдама алды. Сонымен қатар, әскери-құрылыс кешенінің құрылыс аумағында оның 22-сі ғана жұмыс істейді. Студенттерді 5 мың метрден астам жолдар мен тротуарлардың жиегін жасау, 2 мың шаршы метрге жуық жаяу жүргіншілер жолына плиткалар төсеу, 4 мың шаршы метр аумақты сылау жұмыстары күтіп тұр. 

Пентагон: АҚШ-тың теңіз блокадасы Иранды $4,8 млрд шығынға ұшыратты
Ұқсас жаңалықтар

Пентагон: АҚШ-тың теңіз блокадасы Иранды $4,8 млрд шығынға ұшыратты