Студенттер Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған спектакль қойды

ПАВЛОДАР. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар педагогикалық институтының филология факультеті мен музыка кафедрасының студенттері көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Есіңе мені алғайсың» атты театрлық қойылымды дайындады,
None
None

деп хабарлады ПМПИ баспасөз қызметінен.

 Спектакльдің премьерасы «Шаңырақ» халық шығармашылығының облыстық орталығының сахнасында табысты өтті. Көркемөнерпаз әртістер мен студентік театр студиясының жетекшісі, Ж.Аймауытов атындағы қазақ театрының актері Дінмұхамед Ұябай көріністе қазақ прозасы, драмасы және әдеби сынның дамуына өз үлесін қосқан лирик ақын өмірінің сәттерін суреттеді.

Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған соң М.Мақатаев ауыл мектебінде мұғалім, Қазақ радиосында диктор, газеттердің әдеби қызметкері болып жұмыс істеген. Ол философиялық ой поэмаларының авторы болып табылады.

Қайтыс болған соң оған ҚР Мемлекеттік сыйлығы мен «Ғасыр ақыны» атағы берілді. Алматыда оның есімімен аталған мектеп, көше бар, ескерткіш қойылған, ал көптеген өлендері әндерге айналған.

 «Есіңе мені алғайсың» - ПМПИ студенттері дайындаған екінші спектакль. Біріншісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған еді.

Соңғы жаңалықтар