Студенттер тұратын хостелдер тексеріле ме – министр жауабы

Үкіметтік комиссия студенттер тұратын хостелдердегі заң бұзушылықтарды тексереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

хостел рейд
Фото: Kazinform

«Заңнамамның өз талаптары бар. Бізде жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланды. Студенттер тұратын хостелдер - жеке ұйым. Осы орайда үкіметтік комиссия арқылы талаптарды қалай айналып өту немесе тексерулер жүргізу туралы қандай да бір шешімдер қабылданатын болады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.

«Үкіметтік комиссия барлық себептер мен бұзушылықтарды анықтайды, оның шешімін күту керек», - дейді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар