03:18, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
Студенттерді бопсалаған: Оралда бірнеше қылмысқа күдікті қыздар ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

— Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген, — деп жазды ҚР ІІМ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасалып, полиция іс қозғағанын жазған болатынбыз.