Студенттердің жаппай төбелесі - ҚазҰУ мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды. Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жақын маңда болған. Университет жаппай төбелеске тек студенттер ғана емес, өзге де жастар қатысқанын мәлімдеді.

универ
Фото: kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кикілжің 24 қыркүйек күні 02:52-де Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында болған.

- Тараптар арасындағы кикілжің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады университеттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз

Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Сондай-ақ жаппай төбелес кезінде танысын абайсызда өлтіріп алған ақтөбелікке сот үкімі шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар