Студенттерге берілуге тиіс жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге берілетін несиелермен теңестірілген сияқты - Мәжіліс депутаты Н. Сабильянов

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Білім алуға талпынған жастарды мемлекеттік қолдау - мемлекеттік маңызы бар іс-шара. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бүгін Палатаның жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, студенттерге несие беру мәселесін көтерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.2009 жылғы ақпанның 12-сінде «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқуды ақылы негізде техникалық және медициналық мамандықтар бойынша «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға оқып жатқан, тұрмысы ауыр немесе көп балалы отбасы мен жетім студенттер үшін бірінші курстан бастап ұзақ мерзімді жеңілдікпен несие беруді Үкіметке тапсырғаны белгілі. Және де ондай студенттердің саны елімізде 40 мыңға жуық екенін атап өткен еді. Бұл орайда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге жеңілдікпен несие беру үшін 15 млрд. теңге бөлгені және ол қаржының Альянс банкі арқылы берілетіні баршаға мәлім. «Осындай игі бастама қазір тиімді жүзеге асырылмай отыр. Қазіргі уақытта несие алады деп болжанған 40 мың студенттің 500-ге жуығы ғана осы несиені алған екен. Яғни, іс жүзінде бұл несиені беру тәртібі студенттер үшін қолжетімді емес екендігін білдіреді. Оған бірнеше жағдайлар, атап айтқанда, несие қайтарымы үшін жоғары пайыз белгіленуі (9%), кепілге мүлік қою қажеттілігі, ол мүлікті тәуелсіз компанияның бағалауы туралы есебін беруі, жергілікті атқарушы және басқа да органдардан анықтамалар жинау мәселесі, көптеген құжаттардың талап етілуі, несиені банк арқылы рәсімдеу процедурасының күрделілігі және т.б. жағдайлар себеп болып отыр. Бұған қоса, студенттерге берілетін несиелер ұзақ мерзімге ? 10-15 жылға берілетіндіктен, оны заңнамалық реттеу тетігі жасалмағанын атап өткен жөн. Яғни, студенттерге берілуге тиіс жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге берілетін несиелермен теңестірілген сияқты. Жоғары оқу орындарының басшылары бұл тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын»,- деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов. Осыған байланысты депутат Үкімет басшысынан жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге жеңілдікпен берілетін несиелердің іс жүзінде қол жетімді болуын қамтамасыз ету үшін төмендегідей шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруын сұрады.Депутат өз ұсынысында несиенің пайыздық ставкасын 3-4 пайызға дейін төмендету, несие берілетін мамандықтар тізбесін кеңейту, несие беру үшін банк тарапынан кепілге мүлік қою талабын алып тастау, несиені алуға қажет құжаттардың санын азайтып, жеңілдету және несие беру мәселесін жоғары оқу орындарының мәліметіне сәйкес жүзеге асыру қажеттігін алға тартты.Сонымен қатар депутат Мемлекет басшысының тапсырмасына орай несие алған студенттердің 2009 жылғы маусымың 1-іне дейінгі саны туралы жоғары оқу орындары бойынша мәлімет беруін өтінді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум