Студенттерге мемлекеттік гранттар берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, "Болашақ" университетіндегі үздік студенттерге мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға мүмкіндік жасалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үстіміздегі оқу жылының өзінде ақылы негізде оқуға қабылданғандар арасынан 38 шәкірт грантпен оқу жүйесіне ауыстырылды. Мұнан өзге оқу орнының өздері белгілеген 6 санат бойынша, атап айтсақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен отбасы балалары мен белсенді және жақсы оқитын студенттерге арнайы тағайындалған жеңілдіктер бар. Мұндай қамқорлық алдағы уақытта жалғасын табады.
Соңғы жаңалықтар