Студенттік құрылыс және жастар жасағының слеті еңбеу маусымын ашты - Павлодар

ПАВЛОДАР. 30 маусым. ҚазАқпарат - Павлодарда 2012 жылдың жазғы еңбек маусымының ашылуына арналған «Жасыл Ел» жастар жасағы мен студент құрылыс жасағының слеті өтті.
None
None

Бұл іс-шараға қатысқан студенттік құрылыс және жастар жасағының еріктілері, жоғары оқу орындары мен басқа да білім ошақтарының студенттері, ауылдың жастарынан құралған аумақтық және жүйелі жасақтардың командирлері Сапар Шалабаевқа жұмысқа кірісуге дайын екендіктерін жеткізді.

Облыс әкімі Е. Арын жастарды қарсы алып, жасақтардың облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебі құрылысына, өртенген жерлерді тазалау, елді мекендерді абаттандыру сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатысатындығын атап кетті.

Қаланы абаттандыру мен көркейту жұмыстарына медициналық, педагогикалық, механикаландырылған және басқа жасақтар да өз үлестерін қосады. «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының еріктілеріне төленетін жалақы орташа алғанда 35 000 - 40 000 теңгені құрайды.

«Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасағының партиоттық қозғалысы мемлекеттік маңызы бар қоғамдық құбылыс ретінде бағалануда. Павлодар облысында 2005 жылдан бастап студенттік құрылыстардың еңбек және қоғамдық-саяси мектебінен 25 мыңнан астам қыздар мен жігіттер өтті. 

Соңғы жаңалықтар