14:46, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Студенттік құрылыс жасақтары жұмыс орындарына аттанды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр алдындағы алаңда студенттік құрылыс жасақтарын жазғы жұмыс маусымына шығарып салу рәсімі өткізілді.

Биыл Сыр бойындағы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған бұл жасақтарға жұмыс берушілер 182 орын ұсынып отыр. Аталған шара барысында 100 студент арнайы құралдармен жабдықталып, «Жез Киік-К», «Асар Холдинг», «Энергия құрылыс копаниясы», «Альянс», «Асар», «Ырыс-НГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері соғып жатқан құрылыстарға аттанып кетті.