Су басқан өңір тұрғындарына салық жеңілдігі бола ма

Павлодар прокурорлары жарты миллиард теңге салықтан жалтарған кәсіпорынды анықтады.
Фото: Бас көлік прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM – Су басқан өңірлерде салықтық әкімшілендіру қалай реттеледі? Бұл сауалға Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов жауап берді.

«Әкімдіктер назарына 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі өтелуі тиіс барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді кейінге (2024 жылғы 1 шілдеге дейін) қалдыру ұсынылды. Екіншіден, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі салық есептілігін тапсыру мерзімі ауысты. Үшіншіден, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау тоқтатылды», - деді Сейілжан Ахметов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Кірістер комитеті өкілінің айтуынша, орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі де ұзартылды. 

Сонымен қатар салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) уақытша тоқтатылады. Бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне және талап қою мерзіміне кірмейді. 

«Жаңа бұйрықта су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қатысты жаңадан салықтық тексеруді тоқтата тұру және тағайындау көзделген. Сол сияқты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептемеу көзделген», - дейді спикер. 

Бұйрық ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Соңғы жаңалықтар