Су басқан өңірлерде су сынамасына зерттеу жүргізіледі

паводок Костанайская область
Фото: ИА Tobolinfo

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқынына ұшыраған өңірлерде санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, ауыз су мен қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру бақылауда болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева мәлім етті.

«Санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын зерттеу жүргізіледі. 4 мыңнан астам су сынамасының 133 сынамасы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш өткен екі жылдың қорытындысы бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды. Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, жағдай денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», - деді Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министрлік өкілі эвакуациялық пункттерде ауыз су режимін және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыруды бақылау жүргізіледі. Санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай су басқан өңірлерде медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 

Айта кетсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгінгі мәліметі бойынша су басқан өңірлерде 72 029 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Соңғы жаңалықтар