Су басқан өңірлерден 23 мың адам пойызбен көшірілген
АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқыны кезінде автокөлік қатынасы мүмкін болмаған өңір тұрғындары пойызбен тасымалданған.

«Су тасқыны кезінде біздің компания 113 қосымша вагон ұсынып, су басқан аймақтардан жалпы саны 23 мың адамды тасымалдады. Оның ішінде Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12,5 мың тұрғын пойызбен көшірілді», - деді «Жолаушылар тасымал» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның өтініші бойынша 4,8 мыңға жуық күш су басқан аймақтарға пойызбен барған.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша 500 баланы лагерьге пойызбен апарған.
Брифинг барысында Ұлттық вагон паркі 700 заманауи вагонмен толығатыны айтылды.
Айта кетейік, елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады.