Су басқан үйлеріне оралған қазақстандықтардың саны 35 мыңнан асты

су
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқыны болған өңірлерде отандастарымыз үйіне қайта оралып жатыр. Дегенмен уақытша орналасу бекеттерінде 8,5 мыңнан астам адам қалып отыр. Бірқатар өңірдегі қазіргі жағдай туралы Төтенше жағдайлар министрлігің ресми өкілі Асқар Шәріп айтып берді.

«Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, ТЖМ-дан мәлімдегендей, Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталды. 

Кеше Су ресурстары және ирригация министрлігі бірнеше өңірдегі су қоймаларының егін науқанына дайындығы туралы хабар таратқан еді. 

Соңғы жаңалықтар