Су басу қаупі жоғары: Жетісу облысында қар еріп жатыр

қар
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ,  тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Осыған байланысты Жетісу облысының ТЖД өзендердегі мұздар еріп, су деңгейінің көтерілуі, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді. 

Елді мекендерде жауын-шашын мен қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын жергілікті су басып қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға:

үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізгіш құбырларды бітеп тастамау, оларды уақытылы тазалау;

балалардың су айдындарына бақылаусыз шығуына жол бермеу, мұзда, тік жағалауларға бару қаупі туралы ескерту;

таулардың қарлы беткейлеріне шықпау;

ауа райының өзгеруін бақылап отыру және «112» телефонынан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді.

Соңғы жаңалықтар