Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы қарсыластарын ойсырата ұтты
АСТАНА. KAZINFORM- Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан ватерполдан Азия чемпионатында еліміздің әйелдер командасы Гонконгпен ойнады.

Матч 25-6 есебімен біздің құраманың пайдасына аяқталды.
Аталған ойында Починок 5 гол салса, Воронцова 4 гол, Руднева 3 гол, Каплун, Аносова, Миршина, Цой, Нәбиевалар 2 голдан, Глухова, Новикова, Озкая 1 голдан салды.
Жалпы әйелдер арасында Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг сынға түсіп жатыр.
Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетсек кеше отандастарымыз бірінші ойында Сингапур құрамасын 12:6 есебімен жеңген болатын.
Әйелдер арасында 6 команда - Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.