18:25, 09 Қазан 2025 | GMT +5
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен шеберлік байқасты.
Тартысқа толы матчта Қазақстан құрамасы 10:7 есебімен жеңіске жетті.
Енді жартылай финалдық кездесуде Қазақстан Қытай құрамасымен кім мықтыны анықтайды.