Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. 

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: ҰОК

Үшінші орынға талас Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасында өтті.

Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар басым түсіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. 

Айта кетейік, 11 қазанда ерлер құрамасы да қола медаль үшін бақ сынайды. Олардың қарсыластары Жапония құрамасы.

Бұдан бұрын Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар