Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды ойсырата жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды.

Әйелдер арасында 6 команда - Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.
Алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы Сингапурды 12:6 есебімен ойсырата жеңді.

Голдар:
2 голдан - Каплун, Рахманова, Новикова, Руднева, Миршина
1 голдан - Глухова, Набиева
Ерлер арасындағы турнирге 9 команда қатысады. Олар 2 кіші топқа бөлінген. Қазақстан өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен өзара мықтыны анықтайды. Бүгін бірінші матчта біздің спортшылар жарыс қожайынымен кездеседі.

Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтаған болатын.