Су добынан Қазақстан ерлер командасы ХХ Азиаданың финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Су добынан Қазақстан ерлер командасы ХХ Азиаданың финалына жолдама алды Су добынан Қазақстан ерлер командасы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының жартылай финалдағы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшылар Қытай құрамасымен шеберлік байқасып, аса тартысты өткен кездесуде басым түсті. Есеп: 11-10.
Енді Ұлттық құрама 3 қазанда Астана уақытымен сағат 15:00-де Иран немесе Жапониямен кім мықтыны анықтайды.
Начын Куулар еркін күрестен ел қоржынына қола салған болатын.