Су добынан Қазақстан қыздары Азия біріншілігін төртінші орынмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Су спорты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық арулар соңғы ойында Таиландқа есе жіберді.

Су добы. Қыздар. 6-ойын

Қазақстан - Таиланд 11:15 (1:5, 4:1, 2:6, 4:3)

Голдар:

Яна Мартынова - 3
Алина Озкая, Юлия Дружинина -2
Анфиса Журавлева, Анеля Алтыбасарова, Дарина Сембек, Ангелина Лемачко – 1.

Аталған Сарықұрлық додасында су добынан қыздар арасында бас жүлдені 18 ұпай
еншілеген Жапония құрамасы жеңіп алса, екінші орынға 15 ұпаймен Таиланд қыздары ие болды.

Ал үздік үштікті 12 ұпаймен қытайлық бұрымдылар жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен төрттіктен көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, енді бүгін жартылай финалда Жапонияға есе жіберген ерлер құрамасы қола жүлде үшін ойында Қытай құрамасына қарсы сынға түседі. Финалда Жапония мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар