Су добынан спортшыларымыз Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түсіп жатқан Қазақстан ерлер жартылай финалға шықты.

су спорты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нақтырақ айтсақ, су добынан Қазақстан ұлдар құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. Есеп – 25:3.

Енді 1/2 финалда жігіттеріміз Жапониямен кездеседі.

Су добы. Ұлдар. Топтық кезең. 4-ойын

Қазақстан - Малайзия 25:3 (6:2, 3:0, 8:0, 8:1)

Голдар:

Николай Бабенко – 5 

Нұрасыл Сатберген, Кирилл Пантелеев - 4

Егор Белоусов - 3

Дәурен Әли, Нұржас Нұртаза, Алдияр Әлкімбай – 2 

Әл-Фараби Құбайдолла, Алмат Мадимар, Әділ Балтабекұлы – 1.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін су добынан сынға түскен Қазақстан қыздар құрамасы Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. 

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар