Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Сингапурде өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар үшінші орын ойында Таиландты 18:7 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде Мұрат Шәкенов үздік ойыншы атанды.

Қола медаль алған Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына қол жеткізді. Ел құрамасы құрлықтық додада қатарынан екі мәрте үшінші орын алып отыр.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19:6, Гонконгты 22:7 есебімен жеңсе, Иранға 14:15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10:7 есебімен тізе бүктірген еді.

Ал жартылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді.

Еске салсақ, су добынан Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер құрамасы бір тур бұрын чемпион атанған еді.

Олар бүгін Өзбекстанды 12:6 есебімен жеңді. Осылайша қатарынан барлық алты ойында жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар