21:38, 13 Қараша 2022 | GMT +5
Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар қола жүлдеге таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таиландтың Самутпракан қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада бүгін жартылай финалда еліміздің ерлер құрамасы Жапонияға 4:20 есебімен жеңілді. Әйелдер құрамасы да Жапонияға 12:16 есебімен жол берді.
Енді екі құрама да 3-орын үшін сайысқа түседі. 14 қарашада ерлер құрамасы Иран, әйелдер құрамасы Таиландпен ойнайды.
Топтық кезеңде А тобында сынға түскен қазақстандық Оңтүстік Кореяны 6:5, Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңсе, Иранға 10:11 есебімен есе жіберді. Ширек финалда Сингапурды 18:8 есебімен қапы қалдырды.
Ал, әйелдер құрамасы топтық кезеңде Сингапурдан 18:9, Оңтүстік Кореядан 25:5, Таиландтан 15:6 есебімен басым түсіп, Жапонияға 13:23, Қытайға 5:16 есебімен жеңілді.