Су добынан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында «қола» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан командасы Таиландта өткен Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан командасы «қола» үшін болған матчта Таиландпен өзара мықтыны анықтады.
Кездесу ұлттық құрамамыздың пайдасына 14:5 есебімен аяқталды.
Су добынан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы қола жүлдеге таласатынын бұған дейін жазған болатынбыз.
Фото: swimmingworldmagazine.com