Су қоймаларына батып кеткен 5 ер адамның мәйіттері табылды

Кеше ШҚО-ның Жаңаөзен ауылына қарасты Шар өзенінде 1 күн бұрын суға батып кеткен 1960 жылғы ер адамның мәйіті табылды. ҚР ТЖМ ШҚО бойынша ТЖД құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) оның мәйіті судан шығарылды.
Петропавлда Есіл өзенінде 25 шілде күні суға батып кеткен 30 жастағы балықшының мәйіті табылды. ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (6 адам мен 1 техника) ер адамның мәйіті жағаға шығарылды.
Сондай-ақ Жезқазған қаласына жақын маңдағы Кеңгір су қоймасында 26 шілде күні суға кеткен 22 жасар жігіттің мәйіті табылды. ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) оның мәйіті судан шығарылды.
Кеше СҚО-ның Элинное ауылында Есіл өзенінде 26 шілде күні суға түсу кезінде батып кеткен 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарды.
СҚО-ның Ступинка ауылына қарасты Жалтыр көлінде 1 күн бұрын суға кеткен 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды. ҚР ТЖМ СҚО ТЖД судан-құтқару қызметі (6 адам мен 1 техника) жұмылдырылды.