Су құбырларындағы апатты ретке келтіруге 32 адам мен 20 техника жұмылдырылды - Көкшетау

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кезекшілік бөлімінен хабарланғандай, Көкшетау қаласында су құбырларындағы ақауды ретке келтіруге 32 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылып, бір тәуліктің ішінде сумен қамту толықтай шешімін тапты.
None
None

Апатты жағдай өткен түнгі сағат 23 сағат 20 минутта қалыпқа келтірілді. Тәулік бойы қаланың жартысына жуық тұтынушылары судың азабын тартуға тура келді. Бұл ретте ескі ет комбинаты аумағындағы, Бурабай, Юбилейный, Орталық мөлтекаудандары мен Жеңіс, Вернадский, Абай, Капцевич көшелері бойындағы тұрғындарға су кесте бойынша жіберілген. Бірқатар әлеуметтік нысандарға су тасуға екі көлік бөлінді. Ал жөндеу шараларына төтенше жағдайлар департаменті, «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, жылу жүйесі жұмылдырылды. Қазір қаланың сумен қамту жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар