20:20, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Су полосынан Қазақстан құрамасы тағы да есе жіберді
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында су полосынан Қазақ елінің намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз екінші кездесуінде де австралиялықтарға есе жіберді.

Қазақстан құрамасы Австралияға 7:4 есебімен ұтылды.
Естеріңізге сала кетейік, ел құрамасы алғашқы ойынында испандықтарға 6:14 есебімен ұтылған болатын. Ел құрамасы сапында қарсыластар қақпасына Владимир Ушаков пен Сергей Губарев - екі, ал Евгений Жиляев пен Рүстам ҮкІманов бір-бір доптан соққан еді.